Автор: Калымбетова Несіп Қасенқанқызы

Автор өзінің ұлтына деген сүйіспеншілігін өлеңмен өре отырып, қазақ елінің сыр-сипатын суреттеп, тәуелсіздік туын тіккеннен кейінгі жетістіктерін де дәріптейді. Оқырмандар назарын рухани құндылықтарға, әсіресе ұрпаққа тіл мәселесін жүктеу, міндеттеу, оның мәртебесін арттыру, ұлтжандылыққа баулу сияқты тәлім-тәрбиенің аса қажеттілігін алға тартады.
Поэзия – әдебиеттің ең нәзік саласының бірі екені бәріңізге мәлім. Сөз құдыретінің өлеңге айналуы үшін тіршіліктің, табиғаттың әрқилы тылсым сырларын түйсінумен қатар өмірді де шынайы түсініп, ой елегінен өткізумен ерекшеленеді. Сондықтан автор балаларға да түсінікті тілмен танымдық және мысал өлеңдер жазады және ұсынады.
Өлеңдер көпшілік қауымға арналған.

