Балаларға базарлық

Жиырма бірінші ғасырмын

Мен сіздерге келгенше
Екі мың жыл өтіпті,
Халқымыздың басынан
Талай тарих кетіпті.

Жаңа келген ғасырмын
Жалқаулардың қасымын,
Еңбек еткен жандардың
Мақтанатын досымын.

Жақсы оқыған ұрпақты
Қолдайтұғын ғасырмын,
Техника мен компьютер
Жалдайтұғын ғасырмын.

Жетістігін білімнің
Бағалайтын ғасырмын,
Жұмыссыз бен жалқаулар
Болмайтұғын ғасырмын.

Дос боп түрлі халықтар
Жасайтұғын ғасырмын,
Бақыт әкеп әлемге
Ұмытылмас асылмын.

Жиырма бірінші ғасырмын
Ғасырлардың жасымын,
Жасым кіші болса да
Өрге өрлетер басымын.

Балалар!
Барлық істі жүзеге
Асыратын ғасырмын,
Сондықтан да асығып
Сіздерге келе жатырмын.

26. XI. 2000.

Вернуться назад