Балаларға базарлық

Кім болам?

Ғарышкер мен боламын
Айналып әлем зерттейтін,
Үйіріп ұшақ самғатар
Жаңалық ашып таңдантар.

Дәрігер мен боламын
Адам жанын емдейтін,
Жойғым келеді кеселді
Емдеуге тез көнбейтін.

Мұғалім мен боламын
Тәрбие білім егетін,
Еңбек пен білім бірігіп
Жеткізетін бақытқа.

Жазушы мен боламын
Шындықты шыңдап жазатын,
Парақтап тарих беттерін
Ойшылдар, ерлер өткенін.

Инженер мен боламын
Техника тілін меңгерген ,
Темір тұлпар жасайтын
Қалыспай озық елдерден.

Шебер болғым келеді
Темірден бұйым жасайтын,
Тастан мүсін қашайтын
Сүйектен сыйлық жасайтын.

Мал дәрігер боламын
Төрт түлікті емдейтін
Айболиттей мейрімді
Түрлі аңдарды емдейтін.

Сақшы болғым келеді
Отанымды қорғайтын,
Шекарадан рұхсатсыз
Өткізбей тәртіп сақтайтын.

Егінші болғым келеді
Ерте тұрып кеш жатқан
Нан мен дәнге бөлейтін
Еңбегімді елім елейтін.

Тігінші болғым келеді
Тігетін сәнді киімдер
Тігер едім тұрмысқа
Керекті түрлі бұйымдар.

Биолог болғым келеді
Табиғатты меңгерген
Тіршілік сырын ұғатын
Жайқалып жерім тұратын.

Ақын болғым келеді
Тілімен елді үйірген
Келген жауды сөзімен
Қайтаратын бүйірден.

Сәулетші болғым келеді
Зәулім үйлер ойлайтын,
Әдемілеп, өрнектеп
Қарасаң көз тоймайтын.

Ғалым болғым келеді
Жаңалықтар ашатын,
Пайдасы тиер халқыма
Өнер – білім салтына.

Сауыншы болғым келеді
Сүттен өзен ағызар
Құрт, ірімшік, сары май
Барлығы елден табылар.

Құрлысшы болғым келеді
Әдемі үйлер салатын
Қоныстанған ел – жұртым
Рахаттанып қалатын.

Геолог болғым келеді
Пайдалы кенді іздейтін,
Тауып күміс, алтынды
Қуантатын халқымды.

Суретші болғым келеді
Сұлулықты көретін,
Түсінгенін түйсікпен
Қағазға салып беретін.

Астролог болғым келеді
Әлем   сырын сезетін
Білгісі келгендерге
Бәрін айтып беретін.

Сазгер болғым келеді
Ән – күймен жүрек қозғайтын
Қай заманда шықса да
Құндылығын жоймайтын.

Әнші болғым келеді
Күміс көмей, жез таңдай
Сахнада ән салсам
Сүйсінбеген жан қалмай

Күйші болғым келеді
Музыка тілін меңгерген
Жеткізетін мұң – зарды
Рухты, күшті күйменен.

Міне, осындай балалар,
Мамандықтың түрі көп
Болашақта таңдайтын
Қателесіп қалмайтын.

Кім болам? – деген сұрақты
Ойланған дұрыс ертерек
Қателеспей таңдайсың,
Тек армандап қоймайсың.

Балалар!
Мамандықтың тірлікте
Жаманы да болмайды,
Өз ісін дұрыс білмейтін
Мамандар бар оңбайтын.

2004.

Вернуться назад