Балаларға базарлық

Бастауыш сыныппен қоштасу

(қош бол бастауыш мектебім, қойылым,сценарий – монтаж)

1– ші оқушы:
Толқып, қорқып төрт жыл бұрын
Мектепке біз келгенбіз,
Қоңырауды алғаш естіп
Сыныпқа біз енгенбіз.

2 - оқушы:
Сыныптың «А» мұғалімі
... апайды (ағайды) көргенбіз,
Жақсы оқып тәрбиелі
Болуға серт бергенбіз.

3 - оқушы:
Болашақтың үлкен жолын
Сізден сызып бастадық
Еркеліктің, жалқаулықтың ,
Көп түрін  біз тастадық.

4 - оқушы:
Жылы сөзбен қарсы алып
Бізді баурап алдыңыз,
Үйретем деп түрлі пәнді
Біраз шаршап қалдыңыз.

5 - оқушы:
Әр отбасы еркесінің
Бабын таба білдіңіз,
Ұстаздықтың қиын жолын
Көтеріп сіз жүрдіңіз.

6 -  оқушы:
Біз қаншама көп болсақ та
Сізге үмітпен қарадық,
Басқа ұстаздар алдында енді
Оқуға да жарадық.

7 - оқушы:
Түрлі – түрлі пәндерді де
Оқитын болдық ержетіп
Қателік болса жіберген
Түзетелік тездетіп.


8 – оқушы:
Мықты менің ұстазым
Мінді өзімнен іздейін,
Қалыс қалсам, қиналсам
Ұстазымнан көрмеймін.

9 - оқушы:
Тәртіп бұзсақ өзіңізден
Кешіруді сұраймыз,
Терең білім алуды енді
Мақсат етіп шыңдаймыз.

10 - оқушы:
Алтын ұя мектеп рухын
Даралап тағзым етеміз,
Білімді әрі жалғастырып
Арманға біздер жетеміз.

11 -  оқушы:
Төрт жыл бойы тынбастан
Өнер – білім үйреттіңіз
Әрбір жүрек кілтін тауып,
Бүгін міне, түлеттіңіз!

Барлық оқушылар қосылып:
Сүйікті біздің ұстазымыз... (апай), ағай!
Айтамыз біз рахымет
Денсаулық тілеп, бақ тілеп,
Аброй, атақ, бәр жақсыны
Тілейді Сізге, жас түлек.

19. III. 2008.

Вернуться назад